Ақпараттық түсіндіру топ мүшелеріне арналған семинар
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында өңірдегі Ақпараттық түсіндіру тобы (АТТ) өкілдеріне арналған «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында дінтанушы, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының (РАТТ) мүшесі Төлеген Талдыбаев «Әлеуметтік желілердегі жат ағым идеологиясын айқындау техникалары және БАҚ-пен жұмыс жасау негіздері», сондай-ақ «Қазіргі ақпараттық кеңістіктің ерекшеліктері, ақпарат тарату принциптері және іріктеу тәсілдері» тақырыптарында дәріс оқыды. Спикер радикалды идеологияны насихаттайтын топтардың әлеуметтік желілердегі белсенділігі, олар қолданатын психологиялық әдістер мен ақпараттық манипуляция тетіктері туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.
Семинар барысында қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар орындап, әлеуметтік желілерде күмәнді контентті ажырату, деструктивті топтардың ықпалын анықтау және оларға қарсы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша әдіс-тәсілдерді меңгерді. Сонымен қатар, әртүрлі аудиториямен – жастармен, ата-аналармен және білім беру мекемелерінің өкілдерімен жұмыс істеу ерекшеліктері талқыланды.
Іс-шараның басты мақсаты – қала мен аудандарда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізетін АТТ мамандарының біліктілігін арттыру, олардың ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білімін жетілдіру және діни экстремизмнің алдын алу бойынша тәжірибесін нығайту.
Ұйымдастырылған семинар ақпараттық түсіндіру топтарының жұмысын жаңа деңгейге көтеруге, жастар арасында ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді насихаттауға, сондай-ақ қоғамның діни сауаттылығын арттыруға ықпал етеді. Осындай іс-шаралар деструктивті идеологияның таралуының алдын алып, қоғамның тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады.
Материал Ақтөбе облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -