Шымкент қаласының консультативтік-кеңесші органының қорытынды отырысы өткізілді
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтың төрағалығымен өткізілген Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысында Комиссия мүшелері болып табылатын мемлекеттік және құқыққорғау органдары басшыларының баяндамалары мен есептері тыңдалды.
Мәжіліс барысында қатысушылар өңірдегі терроризмге қарсы іс қимылдардың өзекті мәселелерін талқылады.
Негізгі назар экстремизмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау шараларына аударылды.
Комиссия төрағасы өз сөзінде терроризмнің қазіргі қауіп қатерлері туралы айтып, оны болдырмау үшін барлық деңгейде тиімді әрі үйлестірілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, осы бағытта тиісті шараларды қабылдау тапсырылды.
Материал Шымкент қаласы бойынша
Терроризмге қарсы комиссия аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -