Жетісулық кәсіпкердің өндірісі – қалдықсыз, өнімі – таза: Область Жетісу, 12 Декабря 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Жетісулық кәсіпкердің өндірісі – қалдықсыз, өнімі – таза

Талдықорғандық кәсіпкер Ерлік Жақсылық мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ағаштан ыдыс-аяқ жасайтын шағын цех құрды. Оның жасаған бұымдары көтерме саудада үлкен сұранысқа ие, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ерліктің бойында суретшілікке, ағаштан бұйым жасауға деген қабілеті бала күнінен байқалған. Оның айтуынша, бұл талант оған әкесі Бейбіттен дарыса керек. Есейе келе өзінің жақсы көретін ісін кәсіпке айналдырып көруге бел байлапты. «Алдымен ағаш бұйымдардың, соның ішінде ағаштан жасалған ыдыс-аяққа деген нарықтағы сұранысты зерттеп көрдім. Экологиялық таза ыдыстардың өтімділігі жақсы екеніне көз жеткізгеннен кейін інім Ернар екеуміз ағаш цехын құруға кірістік. Бұл істі жүргізуге «Агрокредиттік корпорация» АҚ-дан 2,5 пайыз жеңілдікпен алған несие үлкен қолдау болды», - дейді Е.Жақсылықов.

Сөйтіп кәсіпкер алғашында ғимаратты да, станокты да жалға алып отырса, 5 млн. теңге несие қаражатының арқасында ағаш оятын қытайлық екі станок сатып алып, өз меншігіндегі құрылғылармен жұмыс істей бастаған. Қазіргі кезде цехта астау, тақтай, тостаған, пиццаға аралған ыдыс, тоғызқұмалақ пен шахмат тақталары сияқты бірнеше бұйым түрлері жасалады. Бұл заттардың бәрі де көтерме бағада ірі көлемде сатып алушыларға, яғни сауда нүктелеріне, тойханаларға жөнелтіледі. Сол сияқты пайдаланылған ағаштан қалған қиындылар отынға, жоңқасы құрылыста жылу ұстағыш материал ретінде сатылып кетеді. Сондықтан мұндағы өндіріс қалдықсыз, өнім экологиялық таза деуге толық негіз бар.

Ерліктің айтуынша, ыдыс-аяқтар ағаштың бірнеше түрінен жасалады. Мәселен, қарағаштан жасалса, бұйым мықты болады. Ал еменнен жасалған ыдыс қымбат бағаланады. Сол сияқты көктерек пен аққайыңнан да дайындауға болады. Кәсіпкер Инстаграм желісіндегі astau_optom_tdk парақшасы арқылы өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынып отыр.

Бүгінгі күні цехта ағайынды кәсіпкерлерден бөлек 5 адам жұмыс істейді. Олар күніне орта есеппен 20 дана бұйым жасап үлгереді. Ерлік бұл жастарды ағаш шеберлігіне өзі үйреткен. Бүгінде олар тапсырысты орындау ауқымына қарай айына орта есеппен 200 мың теңге жалақы алады.

Қазір орынды жалға алып отырған кәсіпкер алдағы уақытта өзінің жеке ғимаратын салып, цехтың іргесін кеңейтсем деген ниетте. «Қытайдан тағы бірнеше түрлі станоктар әкеліп, бүгінде үлкен сұранысқа ие болып отырған Барнхаус, Хайтек Хаус сияқты үйлердің сыртқы қабатына пайдаланылатын ағаш материалдарын шығару ойымда бар», - дейді Ерлік Жақсылықов. Кәсібін ілгерілетуге қаржылай қолдау алу үшін келесі жылы мемлекеттік гранттарға бизнес-жоспарын ұсынып көрмек.

Атап өтсек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, осы жылдың 7 желтоқсанына дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредиттер алуға 7,4 мың өтінім түскен. Биыл жалпы 5 796 микрокредит беру жоспарланып, қазірдің өзінде 5 496 жоба мақұлданды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона