Жетісу шабандоздары - «Ұлы дала жорығының» жеңімпазы
Он төрт күнге созылған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінде бүгін жетісулық команда мәреге бірінші болып жетті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне қарағанда, биылғы 5-19 қыркүйек аралығында Астана-Түркістан бағыты бойынша 1300 шақырым қашықтыққа өткен «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесіне еліміздің қалалары мен облыстарынан 20 команда, 100 шабандоз қатысқан. 14 күндік марафон-бәйгеге Жетісу облысының құрама командасы қатысып, 1 орынды иеленді.
Жарыс қорытындысында Жетісу облысы 1-орынды, Ақтөбе облысы 2-орынды, Алматы қаласы 3-орынды иеленді.
Жетісу облысы құрама командасының шабандоздар сапында Серікбол Бекболат, Елдос Михайлов, Дастан Маймаков, Данияр Жылкелдиев және Елдос Ермек болды. Команданың жаттықтырушысы - Рүстем Досжанов.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Коллаж Жеңіс Ысқабайдікі.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -