Жетісу облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жиналуда
Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген еріктілер мен өңір тұрғындары үшін Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі 47, «Жетісу жастары» орталығы мен «Қаратал» ықшам ауданы 22 B, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы мен аудандық партия филиалдарының ғимаратында арнайы пункт ашылды.
Көмек ретінде берілетін заттар:
- жылы киім-кешек;
- азық-түлік;
- гигиеналық, тұрмыстық заттарды қабылдаймыз.
Маңызды: әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттар және тез бұзылатын азық-түлік қабылданбайды.
Анықтама үшін: Асхат Досмұхамбетов 8775 465 86 64 (“AMANAT` партиясы) Ескендір Имандос, +7 705 443 71 40 ( Қоғамдық даму басқармасы).
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -