Зейнетақы жинақтары - сіздің меншігіңіз!
БЖЗҚ зейнетақы активтері мемлекетке тиесілі емес және азаматтардың жеке жинақтары болып табылады. Азаматтар өз жинақтарын иеленуге (соның ішінде мұрагерлікке) құқығы бар және оларды заңда көзделген мақсаттарға пайдалана алады. Ең алдымен, еңбек қызметі аяқталғаннан кейін немесе тұрғын үй және/немесе емделу үшін заңда белгіленген шарттар бойынша зейнетақыға жұмсалуы мүмкін.
Зейнетақы жинақтарының сомасына қарамастан, салымшының қаражаты зейнет жасына толғанға немесе төлеу үшін өзге де негіздер туындағанға дейін жеке зейнетақы шотында сақталады.
Мемлекет алушының зейнетақы төлемдерін алуға құқығы туындаған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген қаражаты мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -