В ЗКО стартовал молодежный форум
"Атамекен" өнер ордасында "Қыран елім – Қазақстаным" атты патриоттық жастар форумы басталды. Форум 25 қазан Республика күніне орай өтуде. Форумға облыстың белсенді жастары қатысуда.
Бұл форумға бүгін 1200-ден астам жас шақырылған. Олардың қатарында белгілі спортшылар, кәсіпкер жастар мен өнерде жетістікке жеткен талантты жастар
Жастар алдында облыс әкімі Нариман Төреғалиев сөз сөйлеп, облыс жастарын Республика күнімен құттықтады.
"Мен сіздерді Республика күнімен құттықтаймын. Біздер облыс жастарына сенеміз. Бүгінгі жастар патриоттық форумының жұмысына сәттілік тілеймін.
Биылғы жылы жастарды қолдау шаралары кең көлемде жүргізілді. Біз қазіргі уақытта жаңа бизнес идеяларды қолдауды күшейтіп отырмыз. Жастар арасындағы кәсіпкерлердің өсуіне қолдау көрсетіп келеміз. Биыл бірнеше жас мемлекеттік қолдаудың арқасында гранттар алды. Өкінішке орай жастардың әлеуметтік мәселелері әлі де шешуді қажет етіп отыр. Бұл бағытта жастар ресурстық орталықтарының жұмысын дамыту қажет.
Сіздер елдің болашағысыздар. Сіздермен мақтанамыз", - деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиев.
Сонымен қатар форум барысында "Тәуелсіздік ұрпақтары" мемлекеттік грантын ұтып алған жастарға арнайы сертификаттар табысталды.
Бүгінгі форумды БҚО Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырып отыр.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -