В Жетісу планируется завершение 4-х проектов возобновляемых источников энергии
Биыл Жетісу облысында жаңартылған энергия көздерін дамыту бағытында құны 21,6 млрд. теңге болатын 4 жобаны аяқтау көзделіп отыр. Олар Көксу, Ескелді және Сарқан аудандарында іске асырылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, аймақ көлемінде электр энергиясының белгіленген қуаты 234,5 МВт, яғни жаңартылған энергия көздерінен – 210,5 МВт, Текелі қаласының ЖЭО - 24 МВт.
Мәселен, өткен жылы электр энергиясын тұтыну 1,9 млрд. кВт*сағатты құраса, соның ішінде электр энергиясының жергілікті өндірісі - 630,5 млн. кВт*сағ болған, ал 1,3 млрд.кВт*сағат басқалардан сатып алынды. Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерінен өндірген электр энергиясының көлемі 472,6 млн. кВт*сағ немесе өз өндірісіміздің 75% үлесін құрайды.
«Бүгінгі таңда белгіленген қуаты 210,5 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 15 нысаны жұмыс істейді. Олар Ақсу, Ескелді, Сарқан, Алакөл аудандары мен Текелі қаласында орналасқан. Сол сияқты биыл осы бағыттағы 4 жобаны аяқтау көзделіп отыр. Атап айтқанда, Көксу ауданында 7 МВт-тық 1 ГЭС , Ескелді ауданында қуаты 26 МВт 1 ГЭС және Сарқан ауданында жалпы қуаты 13,1 МВт 2 ГЭС салынуда. Олардың белгіленген қуаты 46,1 МВт, жалпы құны 21,6 млрд. теңге», - делінген басқарманың хабарламасында.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -