В ВКО в рамках Года рабочих профессий планируют подготовить кадры по новым специальностям: Восточно-Казахстанская область, 08 Ноября 2024 года - новости на сайте gurk.kz

В ВКО в рамках Года рабочих профессий планируют подготовить кадры по новым специальностям

В ВКО в рамках Года рабочих профессий планируют подготовить кадры по новым специальностям

В ВКО в рамках Года рабочих профессий планируют подготовить кадры по новым специальностям

ШҚО-да 2025-2028 жылдар аралығында инженерия, өңдеу және құрылыс саласында 20 мыңнан астам маман даярлау жоспарланып отыр. Бұл туралы ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.– Алдағы төрт жылда 20 678 жұмыс орнына қажеттілік анықталды. Мемлекеттік тапсырыстың ең көп бөлігі инженерия, өңдеу және құрылыс саласына арналған – 2 700-ден астам орын бөлінді. Бұл машина жасау, металлургия және құрылыс салаларына қажетті мамандардың сұранысымен байланысты, – деді Алима Ақылбек.Түлектерді жұмыспен қамтуға көмектесу мақсатында өңірде дуальды оқыту жүйесі белсенді енгізілуде: колледж студенттері өндіріс орындарында тәжірибеден өтіп, сұранысқа ие дағдыларды игереді. Қазіргі уақытта бұл модель бойынша бес мыңнан астам адам оқып жатыр, және 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 5 500-ге дейін арттыру жоспарлануда. Аймақтағы көптеген кәсіпорындар оқу орындарының әлеуметтік серіктестері болып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды даярлауға көмектесуде.Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан жұмысшы кадрларды дайындаудың санын ғана емес, сапасын да арттыруда. Өңірде «Құрылыстағы сметалық іс», «Логистика», «Қашықтан басқарылатын ұшу аппараттары жүйесі», «Жаңартылатын энергетика», «Әуе тасымалын ұйымдастыру», «Су көлігін пайдалану», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Цифрлық техника», «Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану және жөндеу» сияқты жаңа мамандықтарды ашу жоспарлануда.Жастарды қолдау және жұмысшы мамандықтарын дамыту өңір үшін маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді, себебі облыс экономикасына тұрақты кадрлық резерв қажет.



Источник: ГУ «Аппарат акима города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области»


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
<p>ШҚО-да 2025-2028 жылдар аралығында инженерия, өңдеу және құрылыс саласында 20 мыңнан астам маман даярлау жоспарланып отыр. Бұл туралы ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.– Алдағы төрт жылда 20 678 жұмыс орнына қажеттілік анықталды. Мемлекеттік тапсырыстың ең көп бөлігі инженерия, өңдеу және құрылыс саласына арналған – 2 700-ден астам орын бөлінді. Бұл машина жасау, металлургия және құрылыс салаларына қажетті мамандардың сұранысымен байланысты, – деді Алима Ақылбек.Түлектерді жұмыспен қамтуға көмектесу мақсатында өңірде дуальды оқыту жүйесі белсенді енгізілуде: колледж студенттері өндіріс орындарында тәжірибеден өтіп, сұранысқа ие дағдыларды игереді. Қазіргі уақытта бұл модель бойынша бес мыңнан астам адам оқып жатыр, және 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 5 500-ге дейін арттыру жоспарлануда. Аймақтағы көптеген кәсіпорындар оқу орындарының әлеуметтік серіктестері болып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды даярлауға көмектесуде.Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан жұмысшы кадрларды дайындаудың санын ғана емес, сапасын да арттыруда. Өңірде «Құрылыстағы сметалық іс», «Логистика», «Қашықтан басқарылатын ұшу аппараттары жүйесі», «Жаңартылатын энергетика», «Әуе тасымалын ұйымдастыру», «Су көлігін пайдалану», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Цифрлық техника», «Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану және жөндеу» сияқты жаңа мамандықтарды ашу жоспарлануда.Жастарды қолдау және жұмысшы мамандықтарын дамыту өңір үшін маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді, себебі облыс экономикасына тұрақты кадрлық резерв қажет.</p>

Еще новости региона