В СОЗАКЕ ОТРЕМОНТИРОВАЛИ ПАМЯТНИК ВЕТЕРАНАМ ВОЙНЫ И ЧЕСТВОВАЛИ ФРОНТОВИКА: Туркестанская область, 13 Мая 2024 года - новости на сайте gurk.kz

В СОЗАКЕ ОТРЕМОНТИРОВАЛИ ПАМЯТНИК ВЕТЕРАНАМ ВОЙНЫ И ЧЕСТВОВАЛИ ФРОНТОВИКА

В СОЗАКЕ ОТРЕМОНТИРОВАЛИ ПАМЯТНИК ВЕТЕРАНАМ ВОЙНЫ И ЧЕСТВОВАЛИ ФРОНТОВИКА

В СОЗАКЕ ОТРЕМОНТИРОВАЛИ ПАМЯТНИК ВЕТЕРАНАМ ВОЙНЫ И ЧЕСТВОВАЛИ ФРОНТОВИКА

Түркістан облысы, Созақ ауданы орталығындағы «Даңқ» мемориалында Жеңіс мерекесіне арналған шара өтті. Соғыс жылдарында ерлік көрсеткен жауынгерлердің құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланып, гүл шоқтары қойылды. Шараға жиналған қонақтарға «Жеңіс» лентасы таратылып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлер мен бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлердің рухына құран

бағышталды. Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жиналған қонақтарды Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесімен құттықтады. Одан кейін аудан басшысы Сызған ауылдық округіне арнайы барып, соғыстың аудандағы соңғы майдангері Мырзахмет Жылысбаевқа облыс әкімінің арнайы жіберген құттықтауы мен сый-сияпатын табыс етіп, құрмет көрсетті. Күрделі жөндеуден өткен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің лентасын қиып, ауыл тұрығындары мен шараға жиналған қонақтарды мерекемен құттықтады. Соғыс ардагері Мырзахмет Жылысбаев: «Қазақ халқы қай заманда болмасын жеңіс жолында көзсіз ерлік таныта білді. Осынау бейбіт заманда еліміздің еңсесі биік, мәртебесі үстем, жас ұрпақтың болашағы жарқын болсын» деп ақ батасын берді. Шараға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және бірқатар мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Айта кетейік, ескерткіштің биіктігі – 4, ені – 7 метр. Оң және сол жақ бөлігінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері жазылған тақтайша орнатылған. Ескерткіштің алдыңғы алаңы бетондалып, айналасы темір шарбақпен қоршалған. Келушілерге арналған орындықтар мен түнгі жарықшамдар қойылып, арша ағашының көшеттері отырғызылған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
Түркістан облысы, Созақ ауданы орталығындағы «Даңқ» мемориалында Жеңіс мерекесіне арналған шара өтті. Соғыс жылдарында ерлік көрсеткен жауынгерлердің құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланып, гүл шоқтары қойылды. Шараға жиналған қонақтарға «Жеңіс» лентасы таратылып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлер мен бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлердің рухына құран <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>бағышталды. Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жиналған қонақтарды Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесімен құттықтады. Одан кейін аудан басшысы Сызған ауылдық округіне арнайы барып, соғыстың аудандағы соңғы майдангері Мырзахмет Жылысбаевқа облыс әкімінің арнайы жіберген құттықтауы мен сый-сияпатын табыс етіп, құрмет көрсетті. Күрделі жөндеуден өткен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің лентасын қиып, ауыл тұрығындары мен шараға жиналған қонақтарды мерекемен құттықтады. Соғыс ардагері Мырзахмет Жылысбаев: «Қазақ халқы қай заманда болмасын жеңіс жолында көзсіз ерлік таныта білді. Осынау бейбіт заманда еліміздің еңсесі биік, мәртебесі үстем, жас ұрпақтың болашағы жарқын болсын» деп ақ батасын берді. Шараға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және бірқатар мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Айта кетейік, ескерткіштің биіктігі – 4, ені – 7 метр. Оң және сол жақ бөлігінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері жазылған тақтайша орнатылған. Ескерткіштің алдыңғы алаңы бетондалып, айналасы темір шарбақпен қоршалған. Келушілерге арналған орындықтар мен түнгі жарықшамдар қойылып, арша ағашының көшеттері отырғызылған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еще новости региона