В Атырау проходит I республиканский слет педагогов дошкольных организаций
Х. Досмұхамедов университеті өткізген жиынға еліміздің 500-ден астам ұйымдары мен мекемелері қатысты.
Алғаш рет ұйымдастырылған слеттің мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындары арасында кәсіби ынтымақтастықты нығайту, мектепке дейінгі білім беру мәселелерін талқылауды көздейді. Жиынға қатысқан сарапшылар тәрбиешілер мен ұстаздардың мәртебесін көтеріп, құзыреттілігін күшейтудегі халықаралық стандартқа көшіруді айтады.
«2020-2021 жылы Қазақстан аумағында үлкен зерттеу өткіздік. Нәтижесінде, мектепке дейінгі білім берудің сапасы төмен екендігін көрдік. Елімізде бір тәрбиешіге 20-25 баладан келеді. Ол барлық балаға көңіл бөле алмайды. Сол себепті білім берудің сапасы төмендейді. Балаларды мектепке даярлауда оларды партаға отырғызып, сабақ береміз. Бірақ, балалар ойынға көп көңіл аударатындықтан еркіндігін шектемейміз», - дейді «ECERS Qazaqstan» қауымдастығының президенті, халықаралық сарапшы Гаухар Киикова.
Сондай-ақ, слетте мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында маман тапшылығы да айтылды. Бұл мәселені жеделдете шешуде Х.Досұмхамедов университеті өңірдегі мекемелермен тығыз байланыс орнатып, болашақ мамандарды бірлесе дайындау ісін қолға алған.
«Іс-шараны ұйымдастыру арқылы саланың өзекті мәселелерін анықтап, шешу жолдарын қарастырмақпыз. Біздің практикамызда 1 курсқа келген шәкірттерді арнайы дуалды оқыту жүйесімен, бала-бақшаларға тарту іске асырылады. Аталған мамандыққа түскен студенттер тәжірибеден өту арқылы ғана біліктілігін арттырады. Бүгінде түлектердің түгелдей мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасты. Соған қарамастан, аталған салада кадр тапшылығы байқалады. Біз осының орнын толтырып, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап жатырмыз», - дейді Х. Досмұхамедов университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов.
Слет барысында 10-ға жуық спикер қатысушыларға аталған саладағы өзекті мәселелерді шешудің жолдарын, білім беру ісіндегі озық тәжірибелерді таныстырады деп жоспарланған. Республикалық жиын екі күнге жалғасады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -