Талдықорғанда газтурбиналық станция салынады: Область Жетісу, 07 Февраля 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Талдықорғанда газтурбиналық станция салынады

Талдықорған қаласында электр және жылу энергиясын өндіруді ұлғайту мақсатында газтурбиналық станция салу жоспарланып отыр. Оған жеке инвестор 37 млрд. теңге қаражатын салмақшы. Бүгін осы мәселеге қатысты Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов инвестор компанияның өкілдерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында Әсет Қанағатов елімізде, соның ішінде Жетісу өңірінде экономиканың елеулі дамуының нәтижесінде электр және жылу энергиясына деген қажеттілік өсіп келе жатқанын атап өтті. Соған байланысты «Басқуат Энерго» ЖШС ұсынған бұл маңызды жоба облыс әкімдігі тарапынан қолдау тапқан. Жоба жайлы кеңінен таныстыру үшін облыс әкімінің орынбасары алғашқы сөзді «Басқуат Энерго» ЖШС директоры Арман Отарбаевқа берді.

Серіктестік басшысының айтуынша, Талдықорғанда газтрубиналық станция салу межеленген. Жоба үш кезеңнен тұрады, яғни 2024-2025 жылдары іске асырылмақ.

- Құрылысқа қажетті жер учаскесі бар, қазір геологиялық-геодезиялық жұмыстар жүргізілуде, зерттеу жұмыстары аяқталған соң наурыз айының басында бірінші кезеңнің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Осы жылдың мамыр-қазан айларында жобаның алғашқы кезеңі аяқталуға тиіс. Ал маусым-қазан айларында екінші кезеңнің құрылысын да қоса жүргізетін боламыз. 2024-2025 жылғы жылыту маусымына үлгеріп, бастапқы меже - 25 Гкал жылу энергиясын өндіруге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Жоба 2025 жылдың қазан айына дейін толық аяқталады деп жоспарланған, - деді А.  Отарбаев.

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов өз сөзінде осы жобаға байланысты әкімдікте бірнеше отырыс өткізілгенін, соның нәтижесінде құрылысқа қажетті жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесінің оң шешілгенін, «Басқуат Энерго» ЖШС-ның «Басқуат» бас қазандығымен өзара бірігіп жұмыс істеу туралы келісімдері жасалғаны туралы қысқаша баяндады. Сол сияқты облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Бекетаев «Басқуат Энерго» ЖШС-ның жобасына және Текелі қаласы мен Ескелді ауданының табиғи газға қажеттілігін тиісті көлемде қамтамасыз ету үшін «Талдықорған» АГРС-інің қуатын 200 000 нм3/сағат жеткізу қажеттігі туындайтындықтан, аталған АГРС-ке жаңғырту жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Жалпы

экономиканың, соның ішінде өндіріс пен құрылыс сияқты негізгі салалардың қарқынды өсуіне байланысты энергияға деген сұраныстың артуы, энергетика нысандарындағы жабдықтардың тозуы, резервтік сыйымдылық қорының шектеулілігі бұл салаға едәуір көлемде инвестиция салуды қажет етіп отырғандықтан,

газтурбиналық станция салу жобасының Жетісу өңірі үшін маңызы зор. Атап өтсек, «Басқуат Энерго» ЖШС жаңа нысан салу барысында 3 газ-поршенді турбина, екі газ турбинасын, 4 кәдеге жаратушы қазандық орнатады. Жобаны іске асыру негізінде жалпы көлемі 80 МВт электр энергиясын, 100 Гкал жылу энергиясын өндіру көзделген. Бұл өз кезегінде Талдықорғанды жылу энергиясымен қамтып отырған «Басқуат» қазандығының қолданыстағы жылу беру жүйесінің қуатын арттыруға үлкен ықпал етпек. Жобаның құны - 37 млрд. теңге.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуретті түсірген: Руслан Кадыров.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона