Тілдер айлығы өтуде: Область Жетісу, 08 Сентября 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Тілдер айлығы өтуде

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай облыс көлемінде тілдер айлығы жарияланды. Айлық 28 қыркүйекте қорытындыланбақ, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мәліметіне қарағанда, айлық аясында Тіл фестивалі, облыстық деңгейде 17, республикалық дейгейде 1 шара ұйымдастырылады деп жоспарланған. Олардың барлығы мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өткізілмек.

Тілдер айлығының алғашқы күні «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Оған «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және  аудандық, қалалық филиал қызметкерлері мен тыңдаушылары барлығы 545 адам қатысты. Тыңдаушылардың ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, бюджеттік сала мамандары және жеке азаматтар да бар.

Сонымен қатар қазақ тілі арқылы қазақстандық бірегейлікті нығайту, барлық қазақстандықтарды мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі идеясының айналасына топтастыру мақсатында этнос өкілдері арасында ұйымдастырылған «Менің таңдауым – қазақ тілі!» челленджі әлеуметтік желілерде жалғасып жатыр.

Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі туралы кеңінен талқыланатын республикалық семинар  өткізу көзделген. Оған қоса тілді үйретудегі отандық әдістемелердің тәжірибесі ортаға салынатын арнайы курста оқытушылар біліктілігін арттыратын болады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона