Сформирован региональный кадровый резерв Карагандинской области
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты жолдауында жоспарланған реформаларды жүзеге асыру - мемлекеттік қызметшілердің құзыретіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда Республика деңгейінде және облыс деңгейінде жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Сол жұмыстардың жалғасы ретінде биыл алғаш рет өткізілген Өңірлік кадр резервіне іріктеуді айтуға болады.
Жобаның негізгі мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту болып табылады.
Өңірлік кадр резерві жобасы ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастау алды.
Жобаға іріктеуді Облыстың Кадр комиссиясы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесе жүзеге асырды.
Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.
Іріктеуге:
35 жастан аспаған; Жоғары білімді; жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алды.Облыс аумағында іріктеу 7 салалық бағыттар аясында жүзеге асырылды:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.
Өңірлік кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 5 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтті.
1 кезең – резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау.
2 кезең – заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу.
3 кезең – құзыреттерді бағалау. Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің сүйемелдеуімен, Мемлекеттік басқару академиясы (Астана қаласы) базасында офлайн форматта өтті.
4 кезең – комиссиядағы құрылымдық сұхбат.
Аталған кезеңнің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыс көлеміндегі салалық сарапшылар қатысты, сонымен қоса қоғамдық бірлестік және бұқаралық ақпарат өкілдері сарапшы ретінде қатысқанын атап өту қажет.
5 кезең – комиссияның отырысында резервке кандидаттарды қабылдау туралы шешім.
Қарағанды облысының өңірлік резервіне 364 азамат қызығушылық танытты.
Іріктеу кезеңдерінің алғашқы 3 кезеңінен сүрінбей өткен 43 үміткер іріктеудің 4 кезеңіне (құрылымдық сұхбатқа) жіберілді.
Құрылымдық сұхбат кезеңінде 43 үміткер өз жобаларын презентациялау бойынша қорғап шықты.
Жобаның қорытынды шешімін шығару үшін ағымдағы жылдың тамыз айында, өңірлік кадр комиссиясының қорытынды отырысы өткізіліп, нәтижесінде Қарағандының өңірлік кадр резервіне 25 үміткерді іріктелді.
Резервке алынған 25 үміткердің резервте тұру ұзақтығы 2 жыл.
Алдағы уақытта резервшілер мемлекеттік қызмет саласында өз жұмыстарының нәтижесін көрсетеді деген сенімдеміз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша
департаментінің басшысы Ж.Сәрсен
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -