Семей қаласының терроризмге қарсы комиссиясының 2025 жылғы бірінші тоқсандағы отырысының баспасөз хабарламасы
2025 жылғы 26 ақпанда Семей қаласының әкімі Т. Мұратовтың төрағалығымен Семей қаласының терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің, құқық қорғау және арнайы органдар басшыларының қатысуымен өтті. Отырыста күн тәртібіне сәйкес өзекті мәселелер қаралды, сондай - ақ қала аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды одан әрі іске асыру және бақылау үшін ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, терроризмге қарсы комиссияның отырысында ҚР Абай облысы бойынша ҰҚКД терроризмге қарсы орталығы бөлімінің ұсынысы бойынша, Семей қаласының әкімі терроризмге қарсы комиссия қызметінде қол жеткізген нәтижелері үшін әкімнің алғыс хаттары әкім аппаратының мемлекеттік - құқықтық бөлімінің бас инспекторы А. Сағадиевқа, қаланың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б. Джукамбаеваға табыс етілді. Үздік профилактикалық жұмысты ұйымдастырғаны үшін «Аманат» қоғамдық қорының теологтары Б. Таубекұлы, Е. Байжұмаевқа алғыс хаттар табыс етілді.
Материал Абай облысы бойынша ҰҚКД
ТҚО бөлімі ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -