СҚО-ның 17 мың мұғалімі Ұстаздар күніне орай құттықтау қабылдауда
Бүгін облысымызда Ұстаздар күніне арналған жиын өтіп, өңіріміздің жан-жағынан мұғалімдер қауымы жиналды. Қазір өңірде 17 мыңнан аса педагог жұмыс істейді. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мұғалімдерді кәсіби мерекемен құттықтап, лайықты марапаттарын табыс етті. Өңір басшысы құрметті демалыстағы педагогтерге білім саласының дамуына елеулі үлес қосқандарын үшін алғыс білдірді.
Ұстаз - мектептің жүрегі, еліміздің тірегі. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың маңызды шарты. Биылғы жолдауында Мемлекет басшысы «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады», - деп атап өтті. Ұстаздар қауымы өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп, еліміздің абыройлы азаматтарын қалыптастыру бағытында қыруар еңбек атқарады. Мемлекет педагогтер мен оқушыларға бар жағдайды жасауда.
"Барша мұғалімдерді кәсіби мерекемен құттықтай отыра, жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбектеріңізге алғыс айтамын. Ұстазын сыйлаған, жетістігімен қуантқан шәкірттеріңіз көп болсын! Мұғалімдер күні құтты болсын!", - деп атап өтті өңір басшысы.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -