Өңірдің мал шаруашылығын субсидиялауға биыл 6,8 млрд теңге бөлінді
Жетісу облысында биыл мал басының саны 2,5%-ға өседі деп күтілуде, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде 278,1 мың бас ірі қара, 128,1 мың бас жылқы, 1,7 мың бас түйе, 887,0 мың бас ұсақ мал бар.
Мал басының артуына және ет пен сүт өндірісінің ұлғаюына мемлекеттік қолдаулар игі ықпалын тигізіп отыр. Мәселен, мемлекеттік бағдарламалар аясында 1140 сүтті ірі қара мал сатып әкелу жоспарланған. Облыстың мал шаруашылығын субсидиялауға осы жылға 6,8 млрд теңге бөлінді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -