Под председательством акима области Наримана Турегалиева состоялось аппаратное совещание
Күн тәртібінде автомобиль жолдарын жөндеу және көктемгі далалық жұмыстарға әзірлік барысы және жайылымдарды суландыру мәселелері қаралды.
Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 6176 км, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар – 1421 км, жергілікті маңызы бар автожолдар – 4762 км.
Биылғы жылдың корытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 58%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
2024 жылы облыс бойынша 560 шақырымнан астам автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған.
Республикалық желілер бойынша биылғы жылы «Қазталов – Жәнібек- РФ шек.», «Өнеге – Бисен-Сайхин» автожолдарының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтап пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар «Подстепное-Федоровка-РФ шек.» автомобиль жолын қайта жаңғырту 0-36 км және 108-144 км бойынша, ал, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 91 км жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Ағымдағы жылы жоспарға сәйкес барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 606,8 мың га құрауы тиіс болса, биылғы егіске қажетті барлық тұқым көлемі 33.9 мың тоннаны құрайды.
Былтыр күзде 2024 жылдың өніміне 97,1 мың гектар күздік дәнді дақылдар егілді, соның ішінде күздік бидай 90,1 мың га, қара бидай 6,6 мың га және тритикале 460 гектар.
Батыс Қазақстан облысы бойынша жер балансына сәйкес, тұрақты суармалы жерлердің жалпы ауданы 58 591 га құрайды.
2023 жылы облыс бойынша 9 021 га жер тұрақты суарылды, соның ішінде су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы, яғни жаңбырлатып 6 795 га және тамшылатып 1 136 га, басқа да тәсілдермен 1 090 га суарылды. Батыс Қазақстан облысы бойынша жер балансына сәйкес, тұрақты суармалы жерлердің жалпы ауданы 58 591 га құрайды.
Жиын барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев орынбасарларына тиісті басқарма басшыларына және аудан әкімдеріне хаттамалық түрде тапсырмалар жүктеді.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -