Ортсайлауком Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 20 желтоқсанда болған сайлаудың қорытындыларын белгіледі
Сайлау күні Ортсайлаукомның интернет-ресурсы арқылы таңдаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн-байқау сервисі жұмыс істеді. Осылайша, сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілді. Бұл процесс ҚР ОСК ақпараттық арналары арқылы жедел жарияланды.
Дауыс беруге Қостанай облысы мәслихаттарының 264 депутатынан 253 депутат (95,83%) қатысты. Сайлау бюллетеніне Сенат депутаттығына 3 кандидат енгізілді.
А.ж. 21 желтоқсанда өткен Ортсайлаукомның отырысында «Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 20 желтоқсанда болған сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» қаулы қабылданды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9, 12, 44 және 81-баптарына сәйкес Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Қостанай облыстық сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:
- Бибігүл Бүркітқызы Аққожинаға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 193 дауысы берілді;
- Әлімжан Мырзағазыұлы Мирмановқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 21 дауысы берілді;
- Азамат Қуандықұлы Ысқақовқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың27 дауысы берілді;
- «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдердің саны – 12.
Осылайша, Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Бибігүл Бүркітқызы Аққожина 2023 жылы 14 қаңтарда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне сайланды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 20 желтоқсанда болған сайлаудың қорытындылары туралы ҚР ОСК-ның ресми хабары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -