На сегодня в Жетісу обработано 210 га территорий против клещевой инфекции
Кененің белсенді болатын мезгілі әдетте сәуір, мамыр айларынан басталады. Сондықтан Жетісу облысында кене инфекцияларының алдын алу, яғни кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан, аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінің эндемиялық аймақтарына жатады. «Сондықтан өңдеу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Оған қоса өңірде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын арттыру, кене инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар да атқарылуда», - дейді туралы департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингінде осы тақырыпқа кеңінен тоқталған спикер табиғи ошақтардың аумақтарында профилактикалық мақсатта кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары сәуір, маусым айларында 230 га көлемінде жүргізілтінін айтты. Кенелердің белсенді маусымының басталуына қарай 8 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін тұрғындар көп демалатын ашық аумақтарда 210 га көлеміндегі жер өңделген. Облыстың аудан-қалаларында өңдеу жұмыстарының 1-кезеңі ауа райына байланысты 3 мамырға дейін жалғасады, ал 2-кезең маусым айында жүргізілмек. Жыл басынан бері облыста кене инфекциясы тіркелмеген.
- Вакцинация - кене энцефалитінің алдын алудың негізгі шарасы. Табиғи жағдайларда жұмыс істейтін, эндемиялық аймақтарда тұратын азаматтар, кене белсенділігі маусымында эндемиялық аудандарға демалысқа, туристік сапарларға баруды жоспарлап отырған жандар кене энцефалитіне қарсы профилактикалық екпе алуы керек. Қауіпті жәндіктің белсенді маусымы кезеңінде барынша абай болуға шақырамын, - деді Индира Күнбасова.
Маман кеңесі:
Кене энцефалитінен қалай сақтану керек?
1) Тұрғындардың белгілі бір топтарын кенеге қарсы иммундау. Иммундау кене энцефалитінен қолайсыз аймақта тұратын және жұмыс жасауға немесе демалуға баратын адамдарға жүргізіледі.
2) Кене шаққан адамдарға арнайы кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізіледі. Кене шаққан күннен бастап 3 күн ішінде жүргізген тиімді.
3) Спецификалық емес профилактикасы:
- Кенелерге қарсы жағымсыз иіс туғызатын репелленттер мен аэрозольдарды қолдану;
- Арнайы киім кию, табиғат аясына шыққанда шалбарды шұлықтың ішіне кіргізіп, үстіне шеті резеңкеленген ұзын жеңді киім кию;
- Табиғат аясына шыққанда ең маңыздысы өзінің, бір-бірлерінің үстілерін жиі-жиі қарап, тексеру;
- Қайнатылған сүтті қолдану.
Кене шаққан кезде қандай шара қолдану керек?
Кене шаққан орнын қасып және кенені жаншып тастауға, кенені бірден жұлып алуға болмайды.
Кенені пинцет және басқа затпен алуға әрекет жасамаңыз.
Мүмкіндігінше дәрігер-хирургқа жүгінген жөн.
Ондай мүмкіндік болмаса қалыңдау жіпті кененің тұмсығына тақап байлап, әрі-бері ырғап абайлап шығару керек. Кененің басы мен тұмсығы тері астында қалып қалса, оны алу қиынға соғады.
Тез арада медициналық ұйымға кенеге қарсы иммуноглобулин алуға барған жөн.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттерді Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынды.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -