Мектеп оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы Ә.Бұқарбайқызы атындағы орта мектеп оқушылары арасында «Діни экстремистік идеологияның қоғамға қауіптілігі және зайырлылық қағидалары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Шараны ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Дүнгенбек Мадияр Жанғазыұлы жүргізіп, 60-қа жуық оқушыға радикалды ағымдардың қауіптілігі, олардың алдын алу, жат ағымның жетегінде кетпеуі жайлы ақпараттандырды. Теріс ағымның психологиялық тұрғыда зияндылығы, адам санасына теріс жақтары жайлы да көпшілік алдында ақпарат берді.
Аталған шара діни сауаттылықты арттыру және түрлі ұйымдарға иммунитет қалыптастыру, жекелей ақпарат алу кезінде сараптауды үйретуге, азаматтар арасында сұрақ жауап ұйымдастырып, көкейде жүрген сұрақтарын қоюға бағытталды.
Кездесуге қатысқан оқушылар дәріскерге алғыстарын білдірді. Қоғам арасындағы теріс ағымдардың жиі таралып жүргені халық үшін қаншалықты қауіпті екенін түсіне отырып, өздеріне керек жерін түртіп алды. Ұстаздар да ақпараттық-түсіндіру жұмысының берері мен түйетіні аз емес екеніне көз жеткізді. Дәл осындай жиындар жалғасын тауып әр азамат құлағдар болсын деген пікір білдірді.
Материал Алматы облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -