Мансап орталығының тіркелушілеріне және студенттерге мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі таныстырылды
Мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібін түсіндіру мақсатында Көкшетау қаласы мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтармен және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің соңғы курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Шараға кездесуге бос лауазымдар туралы ақпаратпен бөлісу мақсатында Ақмола облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың біріңғай қызметінің өкілдері және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев қатысты.
Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметке іріктеу уақытша қағидалар негізінде іске асырылады. Мұнда барлық процесстер автоматтандырылған, яғни Е-қызмет интернет-платформасы арқылы іске асырылады. Кандидаттар іріктеуге қатысу үшін құжат жинаудан босатылды. Барлық құжаттар кандидаттардың электрондық жеке істеріне басқа жүйелерден жинақталады. Сонымен қатар қолданыстағы заңнаманы білуіне тестілеу 4 заңнаманы қамтитын 1 ғана бағдарлама бойынша іске асырылады.
Жалпы мемлекеттік тілді және қолданыстағы заңнаманы білуіне тестілеуден өту, бос лауазымдар туралы хабарландырулармен танысу, конкурсқа қатысуға өтінім беру, жеке қасиеттерін бағалау, сонымен қатар сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін бағалау бойынша тестілеуден өту, эссе жазу, әңгімелесуге қатысу - осы кезеңдердің барлығы бір платформада іске асырылады.
Бұл өзгерістер мемлекеттік қызметтің заманға сай мобильділігін арттырып, жастардың кадрлық әлеуетін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Ақмола облысы әкімі аппаратының өкілдері мемлекеттік қызметінің тартымдылығы туралы айтты.
Аталған бағыттағы кездесулер легі жалғасатын болады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -