«Ұлттық ономастика – ел айнасы» қалалық байқауы өтті
«Ұлттық ономастика – ел айнасы» қалалық байқауы өтті2024 жылғы 8 қарашада Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты қалалық байқау өтті. Байқауға қаламыздың мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, білім беру ұйымдарының командалары қатысып, 4 кезең бойынша бақ сынасты. Олар:1 кезең «Тұлғалар»2 кезең «Тарихи орындар»3 кезең «Көрікті жерлер»4 кезең «Сыр сандық»Әр кезең бойынша білгірлігі ғана емес, жылдамдықта бағаланды.Байқайда І орынды Полиция бөлімінен құралған «Саран сақшылары командасы иеленсе, ІІ орында Орталық кітапхана қызметкерлерінен құралған «Алғырлар» командасы, ІІІ орынды Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерінен құралған «Жеті кереметтің үшеуі» командасы жеңіп алды.Шара соңында қатысушыларға қазылар алқасы әділ бағасын беріп, ең жүйрік дегендерге сертификаттар мен дипломдар табысталса, қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -