Ұлттық келісімді сақтау – маңызды іс
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ұлықбек Алиакбарұлы Сайрам ауданының бірқатар мектептерінде білім алатын жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы кездесулерге 200-ден астам адам қатысты.
Іс-шараның мақсаты – аудан жастары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы келешек буынның діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.
Оқушыларға экстремистік және террористік қауіптің өзектілігі, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мен ұлттық келісімнің сақталуының маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу соңында, қатысушылардың қызықтыратын сұрақтарына тиісті жауаптар беріліп, пікір алмасты.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -