Коррупциялық қылмыстардың шығу себептерін саралау: Карагандинская область, 29 Августа 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Коррупциялық қылмыстардың шығу себептерін саралау

Коррупциялық қылмыстардың шығу себептерін саралау

Коррупциялық қылмыстардың шығу себептерін саралау

Тәуелсіздігімізді алғанннан бері ел-жұртымыз талай өзгерістердің куәсі болып, жаңа әлеумет қалыптасты. Бұл әлеумет сонау кеңестік және алғашқы посткеңестік кезеңдермен салыстырғанда жаңа нарықтық қатынастарға бейім, алдын мақсаттар мен оны шешу жолдарын қоя алатын орта бола алды деп ауыз толтырып айтуға болады. Бірақ, бес саусақ бірдей болмайтындығы сияқты, ел ішінде шешімі қиын, түйіні тастай мәселелер жоқ емес. Сондай көкейтесті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық дерті. Қазақстанда бұл түйткілді мәселені шешу үшін нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ әлi жеткілікті деңгейде шешiмiн тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. [1]

«Сыбайлас жемқорлық» ұғымының мағынасына этимологиялық көзқарас тұрғысында оны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген анықтама беріп, құқыққа қарсы амалды айқындаған. Орыс тілінің тәржіме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.[2]

Сыбайлас жемқорлықтық ел мен жеке тұлғаның өсіп-өркендеуіне кері әсері бар екендігін дана халқымыз дәп басып айтқан: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Ұрлық түбі – қорлық», - деген. Ешкімнің «ала жібін аттамаған», «аққа құдай жақ», - деп, қараны ақ деп ақтамаған, ақты қара деп даттамаған.

Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-ның VIII Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тәжірибелік шаралар» нұсқаулығында баяндалды (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек).[3,44] Бұл құжатты талқылау барысында сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері анықталды:

1) Бұл түсініктің сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын бүкіл дерлік құқық бұзушылықтар кіргізілуі керек, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен субъектінің лауазымын жеке мүддесі үшін асыра қолданып, заңды бұзғандығынан көрінеді.

2) Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтіндердің қызмет аясын шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды хақысыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің аясын жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады.

3) Лауазымы мен қызметін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде құқыққа қайшы мәнде пайдалану.

4) Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті екі түрі бар:

- қоғамдық немесе мемлекеттік мүліктерді жемқорлық жолмен жымқыру;

- мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңды бұза отырып алу үшін өз қызметтік жағдайын теріс пайдалануы.[3,44]

1979-жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аумақаралық семинар (Гавана 1990-ж.) мынадай түсініктеме берді: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы».[3,45]

1999-жылғы «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында сыбайлас жемқорлық түсінігі: «Сыбайлас жемқорлыққа – мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы, қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай мүлікті, оны иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету және жеңілдіктер ұсыну жатады».[4]

Бірқатар оқымыстылардың ойынша бұл анықтама толық емес, өйткені сыбайлас жемқорлық құбылысы құқық ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең.

Мәселен, М. О. Нәукенов «Сыбайлас жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарын бір-бірімен ұштастыра отырып қарауды ұсынады. Оның ойынша, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде пайдаланады, мұндай кездеа қылмысты қоғам тарапынан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз дегеніне жету үшін қолданады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды.[5,19]

А. С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайдакүнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды.[6,269]

Қазақстан Республикасының 2015-жылғы 18-қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1-бабына сәйкес: «Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу».[7]

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес».[8,3]

Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен «соrruptio» - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады.

Қазақстандық құқықтанушы А. Н. Ағыбаевтың ойынша: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы.[8,179]

Аталмыш анықтамаларды сараптай отырып, төмендегідей ой түюге болады:

- сыбайлас жемқорлықтың өзіне тән белгілері бар;

- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, қоғамдық құбылыс;

- халықаралық құжаттарда сыбайлас жемқорлықтың нақты түсінігі қалыптаспаған;

- әр түрлі елдер заманауи құқықтық дәстүрлер тұрғысында өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын өздерінше анықтауға тырысады;

- сыбайлас жемқорлық түсінігі заманауи қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген.

Осылайша, сыбайлас жемқорлық - бұл екі тарап арасындағы заңсыз шарт деп тұжырымдауға болады, бір жағы – лауазымдық өкілеттігін заңға қайшы қолданатын мемлекеттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін адам, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды жеке мүддесі, яки материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю үшін пайдаланатын тұлға. Бұл жайттар екі түрлі әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін:

1) мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге итермелейді.

2) нақты тұлға, ол ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық мәжбүрлеу көрсетіп, оны «сатып алу» үшін пара, сыйақы алуға итермелейді.

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен тектерін саралау үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын жеке мүддесіне пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі саралауға назар аударалық.

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері: 1) Қызметін жеке мүддесіне пайдаланушы тұлға; 2) Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық; 3) Коммерциялық сыбайлас жемқорлық; 4) Саяси сыбайлас жемқорлық.

Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың бастамашысы: 1) Лауазымды тұлға алдына келушіні пара беруге мәжбүрлейді; 2) Мұқтаж адамның өзі пара ұсынады.

Пара беруші субъект: 1) Жеке адам парасы (кез келген азамат); 2) Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар); 3) Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар).

Параның түрлері: 1) Ақшалай пара; 2) Қызмет көрсету.

Пара берушінің пара берудегі көздегені: 1) Жылдамдату үшін пара беру (пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс); 2) Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік міндеттерін бұзады); 3) «Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара (пара алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның «тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс»).

Сыбайлас жемқорлықтық байланыстың орталықтандырылу деңгейі: 1) Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез келген адам өз бетінше әрекет етеді; 2) Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық «төменнен жоғары жаққа қарай» (төменгі сатыдағы шенеуніктер жинаған парасын өзара және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі) және «жоғарыдан төмен қарай» (жоғары сатыдағы шенеуік төменгілерімен бөліседі).

Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың тарау дәрежесі: 1) Биліктің астыңғы сатысындағы сыбайлас жемқорлық (биліктің төменгі және ортаңғы сатыларында); 2) Биліктің үстіңгі сатысындағы сыбайлас жемқорлық (жоғары қызметтегі шенеуніктер және саяси қайраткерлер); 3) Халықаралық сыбайлас жемқорлық (шаруашылық қарым-қатынас саласында).

Сыбайлас жемқорлықтық байланыстардың жиілігі: 1) Сирек қайталанып тұратын сыбайлас жемқорлық; 2) Жиі қайталанатын сыбайлас жемқорлық; 3) Жүйеге айналып кеткен (клептократиялық, биліктің ажырамас бөлігі ретіндегі сыбайлас жемқорлық ).

Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде сұрақ туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: 1) қоғамдық-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, 2) заңнамалық себептер, 3) мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Осы себептердің әрқайсысына тоқталайық.

Қоғамдық-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта Қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар толқынын қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа екі тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас жемқорлық субъектілерін қызықтырады. Халықаралық Валюта Қоры жүргізген зерттеу көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке түсетін жылдық табысты төмендетеді, себебі салық төлемеудің, салық төлеуден заңсыз босатудың мүмкіндіктері пайда болады немесе салық басқармасы әлсіз жұмыс істейді. Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар қызметкерлерінің еңбекақы көлемі. Әрине, еңбекақысы төмен болғандықтан, шенеуніктер қосымша табыс көздерін іздестіреді, осындай жағдайда шенеуніктер ресми қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, пара алады. Мемлекеттік қызметшілердің табысы үлкен көлемді болғандықтан, олар өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын көтереді. Осындай жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады.

Ағартушылық жүйесі экономиканың өрістеуінің аса маңызды жетістіктерінің бірі болып саналады. Елдегі білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым моральдық-адами және құқықтық нормалардың бұзылуы өте сирек кездеседі. Сондықтан да, қоғамның білім деңгейі мен сыбайлас жемқорлықтың даму деңгейінің арасында тиісті дәрежеде байланыс бар деп айтуға болады. Жоғарыдағы жайттарды ескере отырып айтатынымыз:

- жағымсыз қоғамдық-экономикалық алғышарттар кез келген елде сыбайлас жемқорлықтың туындауы, дамуы және таратылуының себептері болып табылады.

- алайда жоғарыда көрсеткеніміздей, әлеуметтік-экономикалық факторлар белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданылған құралдар болуы әбден мүмкін.

Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси факторларға мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық «жаңа» салаларды игерді, бұл – саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының басым көпшілігін алуды қамтамасыз ету үшін саяси демеушілер жүйесін дамыту. Демократияландыру үдерісі саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама өкілеттіктерін аймақтық және жергілікті билікке беруді көздейді, ал бұндай жағдай кейбір басшыларға жаңа конституциялық өкілеттіктерін асыра пайдалануға мүмкіндік береді. Осы пікірге Швейцария мемлекеті дәлел бола алады, ондағы демократияның тарихи тамыры тереңде жатыр. Тарихи дерек көздер көрсеткендей, мемлекетте басқару нысанының күрт өзгеруі де мемлекеттік құқық бұзушылықпен қатар жүреді, ал халық ондаған жылдар бойы саяси тұрақсыздықтан зардап шегеді. Мемлекетте қоғамдық - саяси бостандықтың орнығуы азаматтардың өзін мемлекеттің толық құқылы мүшесі ретінде сезінуге, билікті жүзеге асыруға, қоғамның істеріне араласуға бейімдейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құралы ретінде әлеуметтік-құқықтық бақылау Жапония мен АҚШ-та кең өріс алды.

Осылайша, жоғарыда айтылғандардан мынадай түйін жасауға болады:

- еркіндіке ие ашық қоғам - мемлекетте жемқорлық деңгейі өте төмен болуының кепілі.

- саяси дағдарыс, үкіметтің, басшылардың жиі ауысуы, сыбайлас жемқорлықтық өрістеуінің басты шарты.

- елдің негізгі саяси бағытының ұдайы өзгеруі елдегі әлеуметтік - экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына әкеп соғады.

Ұйымдық-институционалды себептер. Кейінгі уақыттарда өткізілген зерттеулер көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттіліктің институционалды негіздеріне сіңіп, олардың қызметінің тиімсіздігі, дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан, есеп беру және бақылау жүйесінде нақтылық болмағандықтан кең өріс алуда. Мемлекеттің ұлттық экономикаға араласу факторына нақтырақ тоқталайық. Экономика саласында мемлекеттің өкілеттігі кең тараған жағдайда сыбайлас жемқорлықтың дамуына алғышарттар қалыптасады, ал бұл – «мемлекет қоятын шектеулерден қашудың бірден бір тәсілі». Шектеулер неғұрлым көп болса, соғұрлым сыбайлас жемқорлық өрістеп, тамыры тереңдей түседі. Заңнамалық жүйесі англо-саксондық құқыққа негізделген елдерде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа зеландия) бюрократиялық кедергілер жоқтың қасы, іс жүргізуде ашықтық басым, сол себептен сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен. Билік және сыбайлас жемқорлықты бақылау бір-бірімен тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Сыбайлас жемқорлық – биліктің қауқарсыздығының көрсеткіші. Нақты институционалды ұйымның болмауы, қызметтің егжей - тегжейлі регламенттенбеуі, құқық бұзушылықтың бақыланбауы және жасалған қылмыс үшін жауапқа тартылмауы - басқару аппаратының қауқарсыздығына және сыбайлас жемқорлықтың дамуына әкеп соғады.

Заңнамалық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлық - бұл қоғамға қарсы дұшпандық, біріншіден, қоғамға үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде құлатады. Мемлекеттік аппараттың тиімсіз ұйымдастырылуының салдарынан қоғамда құқықтық реттеудің кемшіліктері де орын алуы ықтимал. Заңнамалық реттеудің кемшіліктеріне кейбір елдердің заңнамасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәмілелер жасасқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту және жазалау жүйесінің болмауы, мемлекеттік қызметті өтеу жөніндегі нақты ережелер мен регламенттің жоқтығы жатады. Ал мұндай жағдай ұйымдасқан қылмыспен астасып жатқан кәсіпкерліктің және биліктің тығыз байланыста жұмыс істеуіне өте тиімді. Осыған орай фаворитизм, протекционизм, лоббизм өркендеуде. Сонымен қатар, непотизм мен саяси демеушілік те кең тараған. Сыбайлас жемқорлық қалыпты нормаға айналады. Ал бұл – құқық қорғау органдарының, көп жағдайда осы органдардың өзі де сыбайлас жемқорлыққа малынған, біріншіден, институционалды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге күші жетпейді, екіншіден құқық қорғау органдарын сыбайлас жемқорлық субъектілері өз заңдарына бағындырады. Қылмыс жасағандардың басым көпшілігі жазаға тартылмағандықтан, қылмыстық істерін одан әрі жалғастыра береді. Көп жағдайда сот жүйесі сыбайлас жемқорлық субъектісіне қатысты өз бетінше және тәуелсіз шешім шығара алмайды. Тәуелсіз құрылымдар енгізілген бірқатар елдер (АҚШ-та тәуелсіз прокурор, Гонгконгта, Сингапурде, Малайзияда, Тайванда тәуелсіз комиссия) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде нақты жетістіктерге қол жеткізді. Бұндай мекемені құру кезінде билік пен мүлік, саясат пен ақша мәселесі жүйелі шешімін табуы керек.

Қандай болмасын өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең түйткілді мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да, Қазақ Елінің мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Тәуелсіз мемлекет болып, еңсемізді көтергенімізге, шаршы әлемге танылғанымызға ширек ғасырдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық актілер мен іс-шаралар қабылданып, мемлекетіміздің ахуалы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, халықаралық аренада өз орынын алды. Дүние жүзіне өзінің біртұтастығымен, татулығымен, бейбітшілік сүйгіштігімен танылды. Әлеумет дамуының сара жолын таңдап, заман ағымында туындаған әртүрлі дерттерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Елбасының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресуді әрбір қазақстандық өз азаматтық борышым деп білуі керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

http://novaiya-zhizn.kz/index.php/za-men-t-rtip/441-sybajlas-zhem-orly-pen-k-resu http://www.kst.adilet.gov.kz/kk/node/98471 Максимов С.В. Коррупция. Закон. Ответственность. Москва:2000. Еуропа Кеңесінің «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» 1999 ж. 27-қаңтардағы Конвенциясы. – Страсбург, 1999. Наукенов М.О. Коррупционные преступления: Криминологический и уголовно-правовой анализ. Автореф. Дис...к.ю.н. – Алматы: 1999. Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупреждение). Материалы международной научно-практической конференции. Астана: Акмолинская полиграфия, 1999. 7. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410 Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупреждение). //Материалы международной научно-практической конференции. Астана: Акмолинская полиграфия, 1999. Ағыбаев А.Н Ответственность должностных лиц за служебные преступления. Алматы: Жеті жарғы, 1997.

©, Тоқатов Р.А., Оралбаев Н.Қ., 2021 ж .



Источник: ГУ «Аппарат акима города Караганды»


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
<p>Тәуелсіздігімізді алғанннан бері ел-жұртымыз талай өзгерістердің куәсі болып, жаңа әлеумет қалыптасты. Бұл әлеумет сонау кеңестік және алғашқы посткеңестік кезеңдермен салыстырғанда жаңа нарықтық қатынастарға бейім, алдын мақсаттар мен оны шешу жолдарын қоя алатын орта бола алды деп ауыз толтырып айтуға болады. Бірақ, бес саусақ бірдей болмайтындығы сияқты, ел ішінде шешімі қиын, түйіні тастай мәселелер жоқ емес. Сондай көкейтесті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық дерті. Қазақстанда бұл түйткілді мәселені шешу үшін нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ әлi жеткілікті деңгейде шешiмiн тапқан жоқ.</p> <p>Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. [1]</p> <p>«Сыбайлас жемқорлық» ұғымының мағынасына этимологиялық көзқарас тұрғысында оны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген анықтама беріп, құқыққа қарсы амалды айқындаған. Орыс тілінің тәржіме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.[2]</p> <p>Сыбайлас жемқорлықтық ел мен жеке тұлғаның өсіп-өркендеуіне кері әсері бар екендігін дана халқымыз дәп басып айтқан: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Ұрлық түбі – қорлық», - деген. Ешкімнің «ала жібін аттамаған», «аққа құдай жақ», - деп, қараны ақ деп ақтамаған, ақты қара деп даттамаған.</p> <p>Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-ның VIII Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тәжірибелік шаралар» нұсқаулығында баяндалды (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек).[3,44] Бұл құжатты талқылау барысында сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері анықталды:</p> <p>1) Бұл түсініктің сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын бүкіл дерлік құқық бұзушылықтар кіргізілуі керек, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен субъектінің лауазымын жеке мүддесі үшін асыра қолданып, заңды бұзғандығынан көрінеді.</p> <p>2) Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтіндердің қызмет аясын шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды хақысыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің аясын жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады.</p> <p>3) Лауазымы мен қызметін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде құқыққа қайшы мәнде пайдалану.</p> <p>4) Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті екі түрі бар:</p> <p>- қоғамдық немесе мемлекеттік мүліктерді жемқорлық жолмен жымқыру;</p> <p>- мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңды бұза отырып алу үшін өз қызметтік жағдайын теріс пайдалануы.[3,44]</p> <p>1979-жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аумақаралық семинар (Гавана 1990-ж.) мынадай түсініктеме берді: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы».[3,45]</p> <p>1999-жылғы «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында сыбайлас жемқорлық түсінігі: «Сыбайлас жемқорлыққа – мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы, қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай мүлікті, оны иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету және жеңілдіктер ұсыну жатады».[4]</p> <p>Бірқатар оқымыстылардың ойынша бұл анықтама толық емес, өйткені сыбайлас жемқорлық құбылысы құқық ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең.</p> <p>Мәселен, М. О. Нәукенов «Сыбайлас жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарын бір-бірімен ұштастыра отырып қарауды ұсынады. Оның ойынша, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде пайдаланады, мұндай кездеа қылмысты қоғам тарапынан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз дегеніне жету үшін қолданады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды.[5,19]</p> <p>А. С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайдакүнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды.[6,269]</p> <p>Қазақстан Республикасының 2015-жылғы 18-қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1-бабына сәйкес: «Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу».[7]</p> <p>Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес».[8,3]</p> <p>Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен «соrruptio» - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады.</p> <p>Қазақстандық құқықтанушы А. Н. Ағыбаевтың ойынша: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы.[8,179]</p> <p>Аталмыш анықтамаларды сараптай отырып, төмендегідей ой түюге болады:</p> <p>- сыбайлас жемқорлықтың өзіне тән белгілері бар;</p> <p>- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, қоғамдық құбылыс;</p> <p>- халықаралық құжаттарда сыбайлас жемқорлықтың нақты түсінігі қалыптаспаған;</p> <p>- әр түрлі елдер заманауи құқықтық дәстүрлер тұрғысында өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын өздерінше анықтауға тырысады;</p> <p>- сыбайлас жемқорлық түсінігі заманауи қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген.</p> <p>Осылайша, сыбайлас жемқорлық - бұл екі тарап арасындағы заңсыз шарт деп тұжырымдауға болады, бір жағы – лауазымдық өкілеттігін заңға қайшы қолданатын мемлекеттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін адам, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды жеке мүддесі, яки материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю үшін пайдаланатын тұлға. Бұл жайттар екі түрлі әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін:</p> <p>1) мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге итермелейді.</p> <p>2) нақты тұлға, ол ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық мәжбүрлеу көрсетіп, оны «сатып алу» үшін пара, сыйақы алуға итермелейді.</p> <p>Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен тектерін саралау үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын жеке мүддесіне пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі саралауға назар аударалық.</p> <p>Сыбайлас жемқорлықтың түрлері: 1) Қызметін жеке мүддесіне пайдаланушы тұлға; 2) Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық; 3) Коммерциялық сыбайлас жемқорлық; 4) Саяси сыбайлас жемқорлық.</p> <p>Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың бастамашысы: 1) Лауазымды тұлға алдына келушіні пара беруге мәжбүрлейді; 2) Мұқтаж адамның өзі пара ұсынады.</p> <p>Пара беруші субъект: 1) Жеке адам парасы (кез келген азамат); 2) Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар); 3) Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар).</p> <p>Параның түрлері: 1) Ақшалай пара; 2) Қызмет көрсету.</p> <p>Пара берушінің пара берудегі көздегені: 1) Жылдамдату үшін пара беру (пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс); 2) Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік міндеттерін бұзады); 3) «Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара (пара алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның «тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс»).</p> <p>Сыбайлас жемқорлықтық байланыстың орталықтандырылу деңгейі: 1) Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез келген адам өз бетінше әрекет етеді; 2) Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық «төменнен жоғары жаққа қарай» (төменгі сатыдағы шенеуніктер жинаған парасын өзара және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі) және «жоғарыдан төмен қарай» (жоғары сатыдағы шенеуік төменгілерімен бөліседі).</p> <p>Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың тарау дәрежесі: 1) Биліктің астыңғы сатысындағы сыбайлас жемқорлық (биліктің төменгі және ортаңғы сатыларында); 2) Биліктің үстіңгі сатысындағы сыбайлас жемқорлық (жоғары қызметтегі шенеуніктер және саяси қайраткерлер); 3) Халықаралық сыбайлас жемқорлық (шаруашылық қарым-қатынас саласында).</p> <p>Сыбайлас жемқорлықтық байланыстардың жиілігі: 1) Сирек қайталанып тұратын сыбайлас жемқорлық; 2) Жиі қайталанатын сыбайлас жемқорлық; 3) Жүйеге айналып кеткен (клептократиялық, биліктің ажырамас бөлігі ретіндегі сыбайлас жемқорлық ).</p> <p>Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде сұрақ туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: 1) қоғамдық-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, 2) заңнамалық себептер, 3) мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Осы себептердің әрқайсысына тоқталайық.</p> <p>Қоғамдық-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта Қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар толқынын қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа екі тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас жемқорлық субъектілерін қызықтырады. Халықаралық Валюта Қоры жүргізген зерттеу көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке түсетін жылдық табысты төмендетеді, себебі салық төлемеудің, салық төлеуден заңсыз босатудың мүмкіндіктері пайда болады немесе салық басқармасы әлсіз жұмыс істейді. Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар қызметкерлерінің еңбекақы көлемі. Әрине, еңбекақысы төмен болғандықтан, шенеуніктер қосымша табыс көздерін іздестіреді, осындай жағдайда шенеуніктер ресми қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, пара алады. Мемлекеттік қызметшілердің табысы үлкен көлемді болғандықтан, олар өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын көтереді. Осындай жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады.</p> <p>Ағартушылық жүйесі экономиканың өрістеуінің аса маңызды жетістіктерінің бірі болып саналады. Елдегі білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым моральдық-адами және құқықтық нормалардың бұзылуы өте сирек кездеседі. Сондықтан да, қоғамның білім деңгейі мен сыбайлас жемқорлықтың даму деңгейінің арасында тиісті дәрежеде байланыс бар деп айтуға болады. Жоғарыдағы жайттарды ескере отырып айтатынымыз:</p> <p>- жағымсыз қоғамдық-экономикалық алғышарттар кез келген елде сыбайлас жемқорлықтың туындауы, дамуы және таратылуының себептері болып табылады.</p> <p>- алайда жоғарыда көрсеткеніміздей, әлеуметтік-экономикалық факторлар белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданылған құралдар болуы әбден мүмкін.</p> <p>Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси факторларға мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық «жаңа» салаларды игерді, бұл – саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының басым көпшілігін алуды қамтамасыз ету үшін саяси демеушілер жүйесін дамыту. Демократияландыру үдерісі саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама өкілеттіктерін аймақтық және жергілікті билікке беруді көздейді, ал бұндай жағдай кейбір басшыларға жаңа конституциялық өкілеттіктерін асыра пайдалануға мүмкіндік береді. Осы пікірге Швейцария мемлекеті дәлел бола алады, ондағы демократияның тарихи тамыры тереңде жатыр. Тарихи дерек көздер көрсеткендей, мемлекетте басқару нысанының күрт өзгеруі де мемлекеттік құқық бұзушылықпен қатар жүреді, ал халық ондаған жылдар бойы саяси тұрақсыздықтан зардап шегеді. Мемлекетте қоғамдық - саяси бостандықтың орнығуы азаматтардың өзін мемлекеттің толық құқылы мүшесі ретінде сезінуге, билікті жүзеге асыруға, қоғамның істеріне араласуға бейімдейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құралы ретінде әлеуметтік-құқықтық бақылау Жапония мен АҚШ-та кең өріс алды.</p> <p>Осылайша, жоғарыда айтылғандардан мынадай түйін жасауға болады:</p> <p>- еркіндіке ие ашық қоғам - мемлекетте жемқорлық деңгейі өте төмен болуының кепілі.</p> <p>- саяси дағдарыс, үкіметтің, басшылардың жиі ауысуы, сыбайлас жемқорлықтық өрістеуінің басты шарты.</p> <p>- елдің негізгі саяси бағытының ұдайы өзгеруі елдегі әлеуметтік - экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына әкеп соғады.</p> <p>Ұйымдық-институционалды себептер. Кейінгі уақыттарда өткізілген зерттеулер көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттіліктің институционалды негіздеріне сіңіп, олардың қызметінің тиімсіздігі, дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан, есеп беру және бақылау жүйесінде нақтылық болмағандықтан кең өріс алуда. Мемлекеттің ұлттық экономикаға араласу факторына нақтырақ тоқталайық. Экономика саласында мемлекеттің өкілеттігі кең тараған жағдайда сыбайлас жемқорлықтың дамуына алғышарттар қалыптасады, ал бұл – «мемлекет қоятын шектеулерден қашудың бірден бір тәсілі». Шектеулер неғұрлым көп болса, соғұрлым сыбайлас жемқорлық өрістеп, тамыры тереңдей түседі. Заңнамалық жүйесі англо-саксондық құқыққа негізделген елдерде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа зеландия) бюрократиялық кедергілер жоқтың қасы, іс жүргізуде ашықтық басым, сол себептен сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен. Билік және сыбайлас жемқорлықты бақылау бір-бірімен тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Сыбайлас жемқорлық – биліктің қауқарсыздығының көрсеткіші. Нақты институционалды ұйымның болмауы, қызметтің егжей - тегжейлі регламенттенбеуі, құқық бұзушылықтың бақыланбауы және жасалған қылмыс үшін жауапқа тартылмауы - басқару аппаратының қауқарсыздығына және сыбайлас жемқорлықтың дамуына әкеп соғады.</p> <p>Заңнамалық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлық - бұл қоғамға қарсы дұшпандық, біріншіден, қоғамға үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде құлатады. Мемлекеттік аппараттың тиімсіз ұйымдастырылуының салдарынан қоғамда құқықтық реттеудің кемшіліктері де орын алуы ықтимал. Заңнамалық реттеудің кемшіліктеріне кейбір елдердің заңнамасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәмілелер жасасқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту және жазалау жүйесінің болмауы, мемлекеттік қызметті өтеу жөніндегі нақты ережелер мен регламенттің жоқтығы жатады. Ал мұндай жағдай ұйымдасқан қылмыспен астасып жатқан кәсіпкерліктің және биліктің тығыз байланыста жұмыс істеуіне өте тиімді. Осыған орай фаворитизм, протекционизм, лоббизм өркендеуде. Сонымен қатар, непотизм мен саяси демеушілік те кең тараған. Сыбайлас жемқорлық қалыпты нормаға айналады. Ал бұл – құқық қорғау органдарының, көп жағдайда осы органдардың өзі де сыбайлас жемқорлыққа малынған, біріншіден, институционалды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге күші жетпейді, екіншіден құқық қорғау органдарын сыбайлас жемқорлық субъектілері өз заңдарына бағындырады. Қылмыс жасағандардың басым көпшілігі жазаға тартылмағандықтан, қылмыстық істерін одан әрі жалғастыра береді. Көп жағдайда сот жүйесі сыбайлас жемқорлық субъектісіне қатысты өз бетінше және тәуелсіз шешім шығара алмайды. Тәуелсіз құрылымдар енгізілген бірқатар елдер (АҚШ-та тәуелсіз прокурор, Гонгконгта, Сингапурде, Малайзияда, Тайванда тәуелсіз комиссия) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде нақты жетістіктерге қол жеткізді. Бұндай мекемені құру кезінде билік пен мүлік, саясат пен ақша мәселесі жүйелі шешімін табуы керек.</p> <p>Қандай болмасын өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең түйткілді мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да, Қазақ Елінің мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.</p> <p>Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.</p> <p>Тәуелсіз мемлекет болып, еңсемізді көтергенімізге, шаршы әлемге танылғанымызға ширек ғасырдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық актілер мен іс-шаралар қабылданып, мемлекетіміздің ахуалы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, халықаралық аренада өз орынын алды. Дүние жүзіне өзінің біртұтастығымен, татулығымен, бейбітшілік сүйгіштігімен танылды. Әлеумет дамуының сара жолын таңдап, заман ағымында туындаған әртүрлі дерттерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Елбасының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.</p> <p>Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресуді әрбір қазақстандық өз азаматтық борышым деп білуі керек.</p> <p> </p> <p><strong>Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:</strong></p> http://novaiya-zhizn.kz/index.php/za-men-t-rtip/441-sybajlas-zhem-orly-pen-k-resu http://www.kst.adilet.gov.kz/kk/node/98471 Максимов С.В. Коррупция. Закон. Ответственность. Москва:2000. Еуропа Кеңесінің «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» 1999 ж. 27-қаңтардағы Конвенциясы. – Страсбург, 1999. Наукенов М.О. Коррупционные преступления: Криминологический и уголовно-правовой анализ. Автореф. Дис...к.ю.н. – Алматы: 1999. Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупреждение). Материалы международной научно-практической конференции. Астана: Акмолинская полиграфия, 1999. 7. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410 Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупреждение). //Материалы международной научно-практической конференции. Астана: Акмолинская полиграфия, 1999. Ағыбаев А.Н Ответственность должностных лиц за служебные преступления. Алматы: Жеті жарғы, 1997. <p>©, Тоқатов Р.А., Оралбаев Н.Қ., 2021 ж .</p>

Еще новости региона