Изменения в сфере социальной поддержки
2025 жылы Қазақстанда әлеуметтік қолдау көрсету саласына бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер, ең алдымен, мүгедек балалары бар азаматтарға күтім жасаушыларға берілетін жәрдемақылардың ұлғаюымен және басқа да әлеуметтік төлемдердің көбеюімен байланысты. Бұл қадамдар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.
Атап айтқанда, мүгедек баланы күтіп-бағушы тұлғаларға арналған жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға артып, 74 428 теңгені құрап отыр. Бұл азаматтарымыздың өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік қолдау шараларының бірі болып табылады. Сондай-ақ, әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылардың да көлемі артып отыр.
Сонын ішінде ең төменгі зейнетақы 57 853 теңгеден 95 131 теңгеге, ең максималды зейнетақы 200 000 теңгеден 213 046 теңгеге өскен.
Мүгедек тұлғаларға берілетін жәрдемақылардың да көлемі артып, ол өз кезегінде әлеуметтік көмек алушылардың қаржылық жағдайын жақсартуға ықпал етті.
Жәрдем ақы алуды рәсімдеу ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады және әр жәрдемақыны рәсімдеудің өзіндік тәртібі бекітілген Қағидалармен реттеледі.
Ол үшін ең бастысы азаматтар egov.kz порталы арқылы немесе жергілікті әлеуметтік қорғау органдарына өтініш беруі қажет. Құжаттар ретінде жеке басын куәландыратын құжаттар мен мүгедектік туралы анықтама ұсынылуы тиіс.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Осыған орай, қызмет алуға жүгінген кезде әкімшілік кедергілер (мерзімін бұзу, артық құжаттар талап ету, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол беру т.б.) кездескен жағдайда бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіру үшін Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментіне Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша немесе «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жүгіне аласыз.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманыС. Шеримбаеваның мақаласы
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -