Государственные услуги: приоритеты и особенности
Мемлекеттік
көрсетілетін
қызметтердің сапасы - азаматтар мен мемлекет арасындағыжоғарғы деңгейдегі
өзарақатынасты
қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызметтерқоғамдағы
қызметтің кең спектрін қамтиды және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, бюрократиялық рәсімдерді жеңілдетуге және мемлекеттік функциялардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.Сонымен қоса, соңғы жылдары
елімізде
электрондық мемлекеттік қызметтер белсенді дамуда. Бұл азаматтарға қажетті қызметтерді тез әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді. Жүйенің орталық элементі- «Э
лектрондық үкімет» порталы болып табылады. Ол онлайн қызметтердің кең спектрін ұсынады. Аталған портал азаматтарғакелесідей
мүмкіндіктер береді:- Қызметтерді алуға
онлайн
өтініш беру.- Мемлекеттік баждар мен салықтарды төлеу.
- Өтініштердің жай-күйін онлайн қадағалауға.
- Түрлі мәселелер бойынша кеңестер мен ақпарат алу.
Сонымен қатар, портал
күту
уақытын едәуір қысқартып, мемлекеттік мекемелергетікелей бару
қажеттілігінжояды
.Елімізде мемелекеттік қызметтерді дамытуда жүргізіліп отырған тиімді саясаттың негізінде қазіргі уақытта келесідей артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беріліп отыр.
Бірінші артықшылығы - ашықтық және қолжетімділік. Электрондық мемлекеттік қызметтер қызметтерді алу процесін тіркелген жеріне қарамастан барлық азаматтар үшін ашық және қолжетімді етеді.
Екіншіден, жылдамдық пен тиімділік: көптеген процестерді автоматтандырудың арқасында мемлекеттік қызметтер тезірек ұсынылады, бұл мемлекеттік жүйенің жалпы тиімділігін арттырады.
Үшіншіден, ыңғайлылық: көптеген қызметтерді онлайн режимінде алу мүмкіндігі мемлекеттік мекемелерге жеке бару қажеттілігін азайтады, бұл әсіресе шалғай аймақтарда тұратын азаматтар үшін маңызды.
Төртіншіден, қауіпсіздік: электрондық жүйелер азаматтардың дербес деректері мен ақпаратын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Қорыта келе, Қазақстандағы мемлекеттік қызметтер халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуде шешуші рөл атқарады. Электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту - мемлекеттік функциялардың ашықтығын, тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл мемлекеттік жүйені жаңғырту және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
І. Кеңесұлы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша
департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -