Государственная служба предоставляет молодым людям новые возможности: Карагандинская область, 29 Октября 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Государственная служба предоставляет молодым людям новые возможности

Қарағанды облысында  жергілікті атқарушы және өкілді органдарында 2,6 мыңнан астам мемлекеттік қызметші  жұмыс істейді, оның 10 пайызы жастар.

Жастар еліміздің басты стратегиялық ресурсы болғандықтан, олардың білікті  маман болып қалыптасуына үлкен мән беріледі.

Мемлекеттік қызмет жастарға кәсіби дамуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға, елдің қоғамдық-саяси үдерістеріне қатысуға мүмкіндік береді. Бұл жүйеге жас әрі креативті, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары жастар қажет. Жастарды мемлекеттік қызметке тарту арқылы басқару жүйесіне жаңа тәсілдер енгізіледі, бұл елдің бәсекеге қабілеттігін арттырады.

Осыған орай, облыста Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс жасауда. Өткен жылы осы мектепте 20-ға жуық түлек жаңа дағдыларды игерді. Мектептің негізгі міндеті – болашақта өз тағдырын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін ең дарынды және белсенді жастарға жұмыс істеуіне жол ашады.

Сонымен қатар, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері  мен ашық есік күндері өткізіліп, жастарды қызметке тарту шаралары жүргізіледі (жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерімен кездесулер).

Мемлекеттік қызметке кіру процесін жеңілдету мақсатында 2022 жылы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді. Енді жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жақсы бітірген түлектер  (академиялық нәтиже GPA 3,33 деңгейінде болуы керек, яғни дәстүрлі жүйе бойынша көрсеткіш «жақсы» немесе 100 баллдық жүйе бойынша 85-89) мемлекеттік қызметке ауылдық, аудандық деңгейдегі лауазымдарына (басшылық емес лауазымдарына)  конкурссыз орналаса алады. Бұл бастама жастарға ауылдық жерлерде жұмыс табуға көмектеседі. Өткен 2023 жылы - 5, 2024 жылы – 15 жас түлектер мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналастырылды.

Мемлекеттік қызметтің артықшылықтары ретінде тұрақты еңбекақы, әлеуметтік қамсыздандыру, мансаптық өсу, икемді жұмыс кестесі, "Дипломмен -ауылға" бағдарламасы бойынша қолдау көрсетіледі.

Бүгінде мемлекеттік қызметке келуге көптеген мүмкіндіктер ашық, сондықтан жастар осы мүмкіндіктерді пайдаланып, өздерін дамытуға батыл қадам жасау керек.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша

департаментінің бас маманы

А.Алтынбекова

Источник: ГУ «Аппарат акима города Шахтинск»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона