Еркін ауылының құрылғанына – 90 жыл: Область Жетісу, 07 Октября 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Еркін ауылының құрылғанына – 90 жыл

Бүгін Талдықорған қаласындағы Еркін ауылының құрылғанына 90 жыл толуына орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерейтойлық салтанатқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, көпшілікті қуаныштарымен құттықтады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Сонау ерте кезеңнен-ақ Талдықорғаннан іргесі бөлінбеген ауыл. Солай бола тұра қаймағы бұзылмаған қазақылықтың, берекесі қашпаған ынтымақтың ортасы болып отыр. Еркін ауылы тарихы ғана емес, өзінің салт-дәстүрі бар, сол дәстүрін қалыптастырған аға ұрпағы бар, елдікті, қазақы мәдениетті сақтаған болмысы бар, айрандай ұйып отырған ауызбірлігі бар қазақы ауылдардың бірі. Мұндай береке-бірлігі мол ауылдың болашағы бұдан да зор болады ғой деп ойлаймын. Президенттің бастамасымен қолға алынып жатқан барлық реформалардың негізгі мақсаты – халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Сондықтан біз қаланың шет аймақтарына соңғы жылдары көп назар аударып, көмек жасап келеміз. Саяжайларға дейін газ жеткіздік, су тартып, жарық беріп, жолын жөндеп жатырмыз. Алдыңғы жылы Еркінге жаңа дәрігерлік амбулаитория салдық. Былтыр қабылдауыма келген азаматтардың өтініштеріне орай Еркінге бір мектеп пен мәдениет үйін салып беруге құжаттарын әзірлеп жатырмыз. Келесі жылы осы екі нысанды салып бастаймыз, - деп атап өткен облыс әкімі Еркін ауылдық округінің қаланың ауыл шаруашылығын дамытуға қосып отырғанын үлесін де назардан тыс қалдырған жоқ. Мәселен, қазір «Ауыл аманаты» жобасына осы округтен 7 адам қатысып, оларға 60 млн. теңгеге жуық қаржылай қолдау көрсетілуде. Облыс әкімі сөзінің соңында еркіндіктерді мерейтоймен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ құттықтау лебіздерін арнағандар қатарында облыстық мәлихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және басқа да азаматтар болды.

Осы салтанатта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталып, шара одан әрі мерекелік концертпен жалғасты.

90 жылдық мерейлі тойда палуандар арасында «Еркін барысы-2023» облыстық ашық турнир, тоғыз құмалақ, арқан тарту, қой, тоқты көтеру, шахмат, қол күрес, гір тасын көтеруден жарыстар, футбол, волейбол ойындары ұйымдастырылды. Ал қалалық ипподромда 35 шақырымға аламан бәйге, 15 шақырымға құнан» бәйге өтуде.

Жалпы Еркін ауылы – Талдықорған қаласының құрамындағы ауыл, округ орталығы. Еркін алғаш құрылған жылы ауылда 3 мың адам болса, бүгінде бұл округте 20 мыңға жуық халық тұрады, Еркін ауылының өзінде тұрғындар саны 10 мыңнан асты.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона