Бибигүл Төлегенова 95 жас
2024 жылдың қараша айының 27 жұлдызында Ақтас кенті мәдени сауық орталығында КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері,Социалистік еңбекері , аты аңызға айналған әнші Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 95 жас мейтойына арналған «Қазақтың бұлбұлы» атты әдеби-музыкалық концерттік бағдарлама өтті.Концерттік бағдарламаға Ақтас әкімдігі мен жоғары сынып оқушылары және этномәдени қоғамдық бірлестіктер, әскери бөлімдер шақырылды. Концерттік бағдарламаның мақсаты жастарды Бибігул Төлегенованың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Әдеби-музыкалық бағдарламаға Бибігул Ахметқызының шырқаған әндерін Қарағанды қаласының Тәттімбет колледжінің 4 курс студенті Айрапетян Каринэ “Көктем туралы ән”, “Гәкку”арияларын жоғары колоратуралық сопраномен орындаса, Ахметова Манат әдемі сандуғаш даусымен “Ақ самара городок” әнін шырқап, «Әдемі» бөбекжайының музыка жетекшісі Самарық Данагул академиялық дауысымен “Мама” әнімен өнер сүйер қауымға қуаныш сыйлады. №2 Отбасылық кітапхана Бибігул Ахметқызының бейнежазбасы мен жарыққа шыққан Альбомын ұсынды. Бағдарламамыздың сәнін келтірген мың бұрала билеген «Томирис» бишілер ансамблі, ұлттық аспапта сүйемелдеген «Шамшырақ» ұлттық аспаптар ансамблінің “Қамажай” биі қазақтың ұлттық биімен, "Үкілі домбыра" домбырашылар Құрманғазы Сағырбайұлының "Балбырауын","Адай"күйлерін көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -