Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының активімен кездесті: Область Жетісу, 07 Ноября 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының активімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының активімен кездесіп, 5 қараша күнгі сайлауда басым дауыспен аудан әкімі болып сайланған Қанат Есболатовтың алдына бірқатар міндеттер қойды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Бұған дейін тағайындалып келген аудандық деңгейдегі әкімдерді халықтың сайлауы, бұл – мемлекеттік басқару ісіндегі үлкен өзгеріс. Аудан әкімі - жергілікті тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін лауазымды тұлға. Халық өзі сайлаған әкімнен жұмысының нәтижесін ашық сұрап, есебін тыңдап, қызметіне көңілі толмаса, келесі мерзімде басқа адамды сайлай алады. Міне, өткен жексенбіде елімізде алғаш рет пилоттық аудандардың қатарында сіздер де тікелей дауыс беру жолымен әкімдеріңізді сайладыңыздар.  Сайлау нәтижесінде Қанат Есболатов 89,3% дауыс жинап, сенімдеріңізге ие болды, - деген Бейбіт Исабаев Қанат Болатұлының осыған дейін бір жылдан астам уақыт осы ауданды басқарған кезінде өзін қоғам белсенділерімен, үкіметтік емес ұйымдармен, жалпы халықпен тіл табысып жұмыс істей алатын қабілетін көрсеткенін атап өтті. Ауданның барлық саласында ілгерілеушілік байқалғаны да елеулі жұмыстың нәтижесі.

Облыс басшысы жуырда Жетісуға келген сапарында Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға бергенін айтып, халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын еске салды. Аудандағы ең бірінші мәселе ретінде Сарыөзектегі ауыз су проблемасына тоқталған Бейбіт Исабаев бұл жобаның қазір 4-ші кезегі атқарылып жатқанын, оның сапалы әрі уақытылы жүргізілуін аудан әкімі жеке бақылауында ұстауы керектігін қадап айтты. Сол сияқты аудан әкімінің алдына аграрлық секторда ылғал сақтау технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, инвестиция тарту, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамту, әлеуметтік нысандар құрылыстарының сапалы аяқталуын қамтамасыз ету сияқты бірқатар міндеттер жүктеді.

- Сізді аудан тұрғындары бірауыздан сайлап, үлкен сенім артып отыр. Ел үмітін ақтап, Кербұлақ ауданының әрі қарай дамуына бар тәжірибеңіз бен күш-жігеріңізді жұмсайды деп сенемін. Халықпен жиі кездесіп, ашық жұмыс істеңіз, – деді Б. Исабаев.

Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Қ. Есболатов халықтың артқан сенімін ақтауға барын салатынына, қызметін жауапкершілікпен лайықты атқаратынына сендірді. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бөкен Рысбеков пен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Ақбасова да аудан әкімінің еңбегіне табыс тілеп, бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істейтіндіктерін жеткізді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона