Батыс Қазақстанда Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
Ауызашарға өңірде әр салада қызмет етіп жүрген азаматтар, еңбек адамдары, зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Жиналғандарды Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады.
“Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Рамазан айы – күллі мұсылман қауымы үшін ерекше мезет. Бұл айдың рухани тұрғыда дамуымыз үшін де пайдасы зор. Себебі Рамазан кешірімді болуға, қайырымдылық пен игі істер жасауға үндейді.
2022 жылы алғашқы рет Ақордада Қазақстан Республикасы Президенті атынан арнайы ауыз ашар берілген болатын. Бұл бастама биыл да өз жалғасын тауып барлық облыста Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан ораза ұстаушыларға ауыз ашарлар берілуде. Осы айда жасаған дұға-тілектеріңіз бен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Наурыз мейрамы да құт-береке әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!”- деді облыс әкімі.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -