Біліктілікті арттыру мақсатында: Город Астана, 23 Февраля 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Біліктілікті арттыру мақсатында

Біліктілікті арттыру мақсатында

Біліктілікті арттыру мақсатында

ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің ұйымдастыруымен терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жалағаш және Сырдария аудандық жедел штабтарының қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - терроризм актісінің жолын кесуге қатыстырылатын мемлекеттік органдар мен субъектілердің ведомствоаралық өзара іс-қимылын жетілдіру, сондай-ақ оқу-жаттығуға қатысушылардың жауынгерлік жарамдылығы мен моральды-психологиялық қасиеттерін арттыру болып табылады.

Осы ретте, аудандық жедел штабтардың (жедел топ жетекшілерінің) терроризмге қарсы операция өткізу кезіндегі функционалдық міндеттерін білу деңгейін анықтау мақсатында, шартты түрде терроризм актісінің орын алуы жөнінде кіріспе тапсырмалар беріп, олардың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстары бағаланды.

Сонымен қатар жедел топ жетекшілерінің терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен жедел штабтардың қызметін регламенттейтін бірлескен бұйрықтарды білу деңгейін бағалау мақсатында тестілеу сынағы өткізілді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша, жедел штабтардың терроризм қауіп-қатерлері туындаған кезеңдегі атқаратын әрекеттерінің сапасы мен орындалу деңгейі жоғары деп бағаланды.

Материал Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша

ҰҚК Департаментінің ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің ұйымдастыруымен терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жалағаш және Сырдария аудандық жедел штабтарының қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - терроризм актісінің жолын кесуге қатыстырылатын мемлекеттік органдар мен субъектілердің ведомствоаралық өзара іс-қимылын жетілдіру, сондай-ақ оқу-жаттығуға қатысушылардың жауынгерлік жарамдылығы мен моральды-психологиялық қасиеттерін арттыру болып табылады.

Осы ретте, аудандық жедел штабтардың (жедел топ жетекшілерінің) терроризмге қарсы операция өткізу кезіндегі функционалдық міндеттерін білу деңгейін анықтау мақсатында, шартты түрде терроризм актісінің орын алуы жөнінде кіріспе тапсырмалар беріп, олардың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстары бағаланды.

Сонымен қатар жедел топ жетекшілерінің терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен жедел штабтардың қызметін регламенттейтін бірлескен бұйрықтарды білу деңгейін бағалау мақсатында тестілеу сынағы өткізілді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша, жедел штабтардың терроризм қауіп-қатерлері туындаған кезеңдегі атқаратын әрекеттерінің сапасы мен орындалу деңгейі жоғары деп бағаланды.

Материал Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша

ҰҚК Департаментінің ақпараты негізінде дайындалды

Еще новости региона