Аудандарда ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналған курс өткізілді: Город Астана, 12 Марта 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Аудандарда ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналған курс өткізілді

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Жылыой, Исатай және Мақат аудандарында «Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыстарын тиімді ұйымдастыру және оның әдістері» атты семинар өткізілді.

Курсқа «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның теолог маманы Р.Қалмазұлы, Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы Е.Ерғалиев, ⁠«Жәрдем-Атырау» КҚ-ның директоры орынбасары Е.Жаулин және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор К.Казиев қатысты.

Ресми бөлігін «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының директорының орынбасары Е. Жаулин ашып, АТТ жұмыстарының маңызын, бүгінгі күнгі өзектілігін атап өтті.

Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы Е. Ерғалиев ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453, 490-баптары мен заңнамаларын, аталған құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда қолданылатын шаралар мен хаттама толтыру үлгісін түсіндіріп, АТТ мүшелеріне заң аясында бағыт-бағдар берді.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі қауымдастырылған профессор PhD доктор К.Казиев «Рефлексия – тұлғаның ішкі өзін-өзі реттеу процесінің әмбебап механизмі» тақырыбында тренинг өткізіп, жат ағымға түсіп кету дәрежесі жоғары адамдардың психологиялық сипаты, адамның өзін-өзі тануы жайында қызықты дәріс өткізді.

«Жәрдем-Атырау» КҚ-ның теолог маманы Р.Қалмазұлы АТТ жұмыстарында баса назар аударатын маңызды теориялық проблемалар мен ұғымдарға тоқталып, қатысушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кезінде өзін-өзі ұстауы, мән беретін жайттар турасында айтып өтті.

Семинар-курс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, белсенді АТТ мүшелері Алғыс хатпен марапатталды.

Материал Атырау облысы Терроризмге комиссия

аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона