Қандастарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Атырау облысы бойынша Терроризмге қарсы комиссия аппаратының қолдауымен, Кеңөзек және Қайыршақты ауылдық округіндегі қандас тұрғындармен «Эктремизм мен терроризмнің белгілері» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өтті.
Аталған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» КММ бөлім басшысы С.Айжарықов және ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының теолог-маманы Ш.Темірқұлұлы қатысып, радикалды идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Сонымен қатар діни қызмет және діни бірлестіктер туралы ҚР-ның заңы, діни сенім бостандығы, сауаттылықтың маңызы жайында түсіндіріп және қатысушыларға өзге ағымның жетегіне кетіп, қазақи құндылықтарды жоққа шығарудың салдарынан салт-санамызға нұқсан келетінін ашық жеткізді.
Кездесу соңында тұрғындар көкейтесті сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Материал Атырау облысы бойынша Терроризмге қарсы
комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -