Алдын алу шаралары бірінші кезекте
Қызылорда облысында терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Іс-шараға комиссияға мүше мемлекеттік және құқық қорғау органдары толықтай қатысып, келесідей өзекті мәселелерді қарастырды:
облыс аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету деңгейі арттыру; ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін адрестік жұмыстарға қатыстыру механизмдерінің тиімділігі, алдын алу жұмыстарының нәтижелері; аумақта діни экстремизм және терроризм профилактикасын жүргізудің нәтижелілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылған әлеуметтік жобалардың тиімділігі.Отырыс барысында, жоғарыда аталған мәселелермен бірге облысымыздағы діни ахуалды сауықтыру, халық арасында радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша әлеуметтік желілерде жүргізіліп жатқан шаралар талқыланды.
Кездесу нәтижесі бойынша жауапты меморгандарға тиісті тапсырмалар беріліп, бірқатар шешімдер қабылданды.
Материал Қызылорда облысы ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -