Аким области провел очередной прием граждан
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтар үшін кезекті рет жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға кірген тұрғындар негізінен тұрғын үй және жер мәселелерін көтерді. Олардың ішінде Талдықорған қаласының, Сарқан және Алакөл ауданының азаматтары бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мәселен, сарқандық Шора Каниева өз отбасына берілген жер пайларына байланысты жеке шаруа қожалығымен арасында туындаған даулы мәселені шешуге көмек сұрайды. Бұл ретте Бейбіт Исабаев жер телімдерінің құжаттық рәсімделуінің және басқа да заңдылықтарын зерделеуді тиісті атқарушы және құқық қорғау органдарына және облыс прокуратурасына тапсырды.
Ал тұрғын үй кезегінің жылжу ретін, «Отбасы банк» арқылы баспаналы болу жайын, тұрғын үйді жекешелендіру мәселелері бойынша жүгінген азаматтарға заң аясында түсіндірулер жүргізілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -