«Ak Altyn Products» ЖШС өндірісін кеңейтпек
Текелідегі «Ak Altyn Products» ЖШС кәсіпорнына жұмысшылар керек. Атап айтқанда, мұнда электромеханик, электрослесарь мамандарына деген қажеттілік бар. Құрылыс саласына арналған әк өндіретін зауытта қазір жалпы саны 55 адам еңбек етеді.
Алдағы уақытта өндіріс ауқымын кеңейткенде тағы 20 жаңа жұмыс орны ашылады
, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Кәсіпорын директоры Данияр Ысқақовтың айтуынша, «Ak Altyn Products» ЖШС 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Алғашында 1-сортты езілген және езілмеген ұсақ әк шығару желісі іске қосылса, 2020 жылы құрылысқа арналған гипс сылағы, кафель желімі, блок желімі сияқты құрғақ қоспалар шығаратын желі орнатылып, қосымша жаңа өндіріс жолға қойылған болатын. Ал 2021 жылы осы желіге қосымша құрылғылар қойылып, өндіріс көлемі бұрынғыдан да арта түскен. Жалпы зауыттың толық қуаты тәулігіне 60 тонна әк, 25 тонна құрғақ қоспа шығаруға қауқарлы. Осы орайда өткен 9 айда мұнда 4 500 тонна әк, 3 500 тонна құрғақ қоспа өндірілген. Компания өнімдері құрылыста, металургия мен химия өнеркәсібінде, сәулет өнерінде және ауыл шаруашылығында қолданылады.
«Біздің кәсіпорын Павлодардағы алюминий, Балқаштағы кен байыту зауыттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Шикізатты қазір Жамбыл облысынан әкелеміз. Өнімдерімізге сұраныс көп. Алматы мен Тараз, Шымкент, Қапшағай қалаларынан, өзіміздің Талдықорғаннан сұраныс жиі болады», – дейді ол.
Мұнда 55 адам жұмыс істейді. Айлық мөлшері 150-160 мың теңге. Серіктестік жұмысшылары арнайы жұмыс киімімен қамтылған. Жұмысшылардың дені жергілікті тұрғындар. Сонымен қатар мекеме басшысы кәсіпорынға әлі де электромеханик, электрослесарь мамандарының қажет екенін айтады. Сол сияқты жуырда Ескелді ауданы аумағында кен орнын анықтап, қазір оны пайдалануға рұқсат алудың тиісті құжаттары әзірленуде. Осыған орай Қытайдан жаңа құрал-жабдықтар әкеліп, кәсіпорынды кеңейтіп, қосымша қойма салу жоспарланған. Сол кезеңде қосымша тағы 20 жұмыс орны ашылады деп межеленіп отыр.
Оған қоса келесі жылы зауытқа газ тарту жұмысы қолға алынады. «Бұл шара экологияға да пайдалы, шығынды да азайтуға мүмкіндік береді», - дейді зауыт басшысы Д. Ысқақов.
Жалпы зауыттағы бос жұмыс орындары туралы кеңірек мәлімет алу үшін 8 707 241 26 21 ұялы байланыс нөміріне хабарласауға болады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -