Абай облысында медицина қызметкерлеріне арналған алаң салу қарастырылады
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев №1 емханаға барып, қызметкерлермен жүздесті. Сондай-ақ, оңалту терапиясы, жедел медициналық көмек, балалар стоматологиясы және т.б. бөлімдердің жұмысымен, медициналық мекеменің амбулаториялық дәріхана қызметімен танысты.
Емханада ауқымды медициналық қызмет көрсетуге арналған жабдықтар, 2 ғимарат және 11 көлік бірлігі бар. Зертхананың жұмысы үшін қажетті - 7 анализатор, стационарлық маммограф, флюорография, ультрадыбыстық аппараттары бар.
Сондай-ақ, медициналық мекемеде денсаулық сақтау жүйесінің барлық инновациялық бағдарламалары, атап айтқанда, бала кездегі ауруларды интеграциялау, қауіпсіз ана атану, «Жас өмір» жастар денсаулық орталығы жұмыс жасап жатыр.
Облыс әкімі №1 емхана ұжымымен жиын өткізіп, медицина қызметкерлеріне арналған қоғамдық алаң салу бастамасын ұсынды. Бұл медицина қызметкерлерінің пандемиямен күрес және қоғам денсаулығын қамтамасыз етудегі еңбегінің белгісі ретінде болады.
Айта кетсек, емхана ғимараты 1977 жылы пайдалануға берілген. Медицина нысанында 92-ге жуық дәрігер мен 189 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 45 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -